Accessibility links

Пентагон басшысының айтуынша Иранға байланысты барлық ұсыныстар нұсқасы әзір


Дүйсенбі күні Уашингтондағы Еврейлер институтында сөйлеген сөзінде АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Техранның ядролық әрекеттерін тоқтау үшін оған халықаралық қысым жасауға және қатаң тиымдар салуға шақырды. Дәл осы тұста Израйль қорғаныс министрі Ехуд Барак Уашингтонға келген еді. Сапар мақсаты- Иран мен Сирияда орналастырылған зымырандарды ұстауға бағытталған зымыранға қарсы біріккен жобаларды одан әрі жетілдіру.
XS
SM
MD
LG