Accessibility links

Ресейдегі жасөспірімдер абақтысында бір тұтқын оққа ұшты


Хабарларға қарағанда, Ресейдің Свердловск аймағындағы жасөспірімдер абақтысында бір тұтқын оққа ұшқан. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, тәртіпсіздік әрекеті барысында әлгі тұтқын қашпақшы болған, бірақ оны түрме күзетшісі қарудан атқан. Сонымен қатар, Кировард қаласында орын алған бұл оқиғада 12 адам, яғни 6 тұтқын мен 6 күзетші жарақат алған.
XS
SM
MD
LG