Accessibility links

Иранға қарсы кез келген АҚШ әскери әрекетіне Ресей қарсылық танытатын болады


Президент Владимир Путин Иранға қарсы кез келген АҚШ әскери әрекетіне Ресей қарсылық танытады деп мәлімдеді. Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының Теһранда өткен саммитінде президент Путин аймақта күш қолдану туралы тіпті ойланудың қажеті жоқ деп мәлімдеді. Каспий жағалауы мемлекеттерінің басшылары осы аймақ елдеріне шабуылдау мақсатында үшінші бір елдің бұл мемлекеттер жерін пайдалануына рұқсат бермеуге келісті. Саммитке жиналғандар сонымен бірге Ядролық қаруды таратпау келісіміне қол қойған мемлекеттердің ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану хұқын мойындайтындықтарын атап көрсетті. Каспий мәртебесін анықтау мәселесі кейінге қалдырылды. Ресей президенті сондай-ақ Иран президенті Махмуд Ахмадинежадты Мәскеуге ресми сапар жасауға шақырды. Бірақ сапардың нақты күні әлі белгіленбеді.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG