Accessibility links

Бүгін Түркия парламенті үкіметке Ирақпен арадағы шекарада әскери шара жүргізуіне құқық беретін қадам жөнінде дауыс береді


Бүгін Түркия парламенті Ирақтың солтүстігіндегі Күрдістан Жұмысшылары партиясы соғысушыларына қарсы үкіметтің әскери шара жүргізуіне құқық беретін қадам жөнінде дауыс береді. Хабарларға қарағанда, премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның үкіметі тарапынан жасалған бұл өтінішті парламент мақұлдайды деп күтілуде. Парламенттің бұл шараны мақұлдауы Түркия дереу Ирақтың солтүстігіне басып кіреді дегенді білдірмейді, деді Ердоған. Ирақ пен АҚШ ресмилері егер Түркия әскери операция бастаса аймақта қауіпті тұрақсыздық орын алуы мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG