Accessibility links

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің кезекті отырысы басталды.

  • Досан БАЙМОЛДА

1992-ші жылы қазан айында Қазақстан президенті Н.Назарбаев, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 47-ші сессиясында, Азия құрылығында қауіпсіздікті болдыруға бағытталған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөнінде ұсыныс жасап, бастама көтергеніне міне 15 жыл толып отыр. Осыған орай, сәрсенбі күні Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті мерейтойлық отырысы басталды.

Кеңес отырысын ашып сөз сөйлеген, Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин алғаш осыдан 15 жыл бұрын Қазақстанның АӨСШК ті шақыру жөніндегі бастамасының сол кезде жаңа әрі батыл қадам болғанын айтты.

«Өйткені өткен ғасырдың 90-шы жылдары Азия құрылығында бейбітшілікті қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шеше алатын бірде бір құрылым болмағанын еске салған министр М.Тәжин бүгінгі күні АӨСШК-нің халықаралық деңгейдегі беделді форумға айналып отырғанын атады. Сондай ақ ол АӨСШК ке мүше мемлекеттер Азия құрлығындағы қауіпсіздік үшін бір бірімен бейбіт жағдайда өмір сүре алатындықтарын көрсете алды, кешеге дейін бір бірімен жауласып келген көршілес мемлекеттер арасында диалог әңгімелесу жүрілді, өзараларында келісім басталды бұл АӨСШК нің еңбегі деуге болады», - деді Қазақстан сыртқы істер министрі.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шараларына байланысты кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі 1999-шы жылы қыркүйектің 14-күні болған еді. Осы кездесуде АӨСШК ке мүше мемлекеттер арасындағы қарым қатынасты реттейтін декларацияға қол қойылған болатын. Аталмыш декларация АӨСШК тің алға қарай өрлеу, дамуын жеделдетіп берді. Ал АӨСШК-нің алғашқы саммиті 2002-ші жылы мамыр айының 4-і күні Алматыда өтті. Онда АӨСШК нің негізгі құжаты болып саналатын Алматы Актісне қол қойылды.

АӨСШК-нің сенім шаралары жөніндегі каталогы және осы кеңестің жұмыс ережелері 2004-ші жылы қазанның 22-күні Алматыда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуі қортындысында қабылданған болса, 2006-шы жылы маусымның 17-күні Алматыда өткен АӨСШК-нің екінші саммиті қортындысында АӨСШК-нің Хатшылығы құрылды және Азия құрылығындағы қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелерін қарастырған декларация қабылданды.

АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Жандос Асановтың айтуынша, кеңес осы жылдары Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастықты болдыру мәселесіне ат салысып өзінің халықаралық деңгейдегі ұйым ретінде танылып отыр. Әрине барлық іс бірден басталып, бірден жүре қойды десек бұл артық айтқандық болар, көптеген кездесулер, әңгмелесулер қортындысында кеңес жұмысы алға басып, кеңеске мүше мемлекеттер тарапынан ынталық күшейді дейді ол.

Моңғолияның сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Хасбазарын Бэкбат, Моңғолия елі Қазақстанның Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты бұл ұсынысын оу бастан қолдағанын айтады. «Қазақстан тарапынан ұйымдастырлып жүргізіліп жатқан кеңес жұмысына көңіліміз толады» дейді Моңғолия өкілі.

Бүгінгі күні АӨСШК-ке Ауғанстан,Азербайжан,Қытай, Мысыр,Үндістан, Иран; Израйль, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түркия және Өзбекстан елдері мүше болып кіреді. Қазақстан АӨСШК-тің 2010 жылға дейінгі төрағасы болып табылады.
XS
SM
MD
LG