Accessibility links

Владимир Путин АҚШ Иранға күш қолданбасын деп ескертті


Ресей президенті Владимир Путин Америка Құрама Штаттары Иранға күш қолданса, кез-келген әскери қимылға қарсы тұрамыз деп ескертті. Путин бұл сөзін кеше Тегаран қаласында Каспий саммитінде айтты. Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран президенттері өз жерімізден бір бірімізге шабуыл жасауға үшінші елдің әскеріне мүмкіншілік бермейміз деп келісті. Америка Құрама Штаттары Иран ядролық бағдарламасының мәселесі дипломатиялық жолмен шешілмесе әскер күшін қолдануымыз мүмкін деген.
XS
SM
MD
LG