Accessibility links

Ирақ күрд партизандарының мәселесін қолға алуға уақыт сұрады


Ирақ вице-президенті Тариқ Әл-Хашеми күрд партизандарының мәселесін қолға алуға Түркиядан көбірек уақыт сұрады, партизандар жолын кесуге әрекет жасайық, одан түк шықпаса Түркияның өз еркі деді. Түркия парламенті күрд партизандарына әскери соққы беру мақсатында Ирақ шекарасын кесіп өту мәселесін бүгін қарап, дауыс береді. Тыйым салынған Күрд Жұмысшылар партиясының партизандары Ирақ солтүстігінде қоныстанған. Ирақ және АҚШ ресми өкілдері Түркия Солтүстік Ирақта әскери операция жүргізбесін, бұл аймақ тұрақтылығын бұзады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG