Accessibility links

Жоғалып кеткен "Нұрбанк" қызметкерінің мәйіті табылған сияқты


Алматы полициясы жоғалып кеткен "Нұрбанк" қызметкерінің мәйіті табылған сияқты деп жариялады. "Нұрбанктің" екі қызметкері жыл басында жоғалған. Оларды ұрлау және заңсыз қамау қылмысына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев қатысқан делінеді. Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Амантай Әубәкіров Рахаттың әкесі Мұхтар Әлиевтің Қарасай ауданы Көлді ауылының жанында орналасқан қожалығының маңында кеше адам мәйітін таптық, бұл ұрланған азаматтардың бірінің мәйіті болуы мүмкін, деді бүгін жасаған хабарламасында.
XS
SM
MD
LG