Accessibility links

Қырғыз президенті дүйсенбіде Ақ жол елдік атты жаңа саяси партияның құрылғанын жариялады

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ол партия парламенттік сайлауда ондағы орынның жартысынан көбіне ие болуы мүмкін, деп Құрманбек Бакиев үміт айтуда. Солай бола қалса, мұның өзі Қырғызстан тәуелсіздігі жылдарындағы билік басында пайда болған жалғыз партия болар еді.

Қырғызстанда қазанның 21-де болатын ұлттық референдум барысында жаңа Конституция мақұлданбақшы. Оған бірнеше өзгертулер енгізілмекші. Атап айтқанда парламенттегі орындар санын көбейту және саяси партиялар рөлін нығайту үшін жаңа партиялық тізім жүйесін енгізу көзделуде. Жаңа партияны құруға көмектесетіндігіне Бакиев қыркүйек айында уәде берген болатын. Қырғыз президенті дүйсенбіде Ақ жол елдік атты жаңа саяси партияның құрылғанын жариялады.

“Біз биліктің партиясы емеспіз. Біз бастықтардың партиясы да емеспіз. Біз еңбек етуші халық партиясымыз. Біз әрекеттегі халық партиясымыз. Мен осыны баса айтқым келеді”, деді Бакиев.

Жаңа партияның парламенттегі көп орынға ие болуын қалайтындығын Бакиев өткен айда айтқан болатын. Бұл жағдай елде 1991-ші жылдан бері орын алған емес. Дүйсенбіде Бакиев жаңа партияның төрағасы боп сайланған еді. Келесі күні ол аталған қызметін тоқтатты. Партия саясатына араласпайтындығын да ол айтты. Бұл Ақ жол елдік партиясы Қырғызстанда тіркелген саяси партиялар мен қозғалыстардың 102-сі болып отыр. Ол тіркелгендердің жартысына жуығы қазір әрекетсіз. Кейбір партиялардың ғана 10 мыңнан аса мүшесі бар. Ел тұрғындары санының 5 миллион екендігі белгілі.

Қырғызстанның Орта Азиялық көрші елдерінің бәрінде билік партиялары бар. Мысалы, Қазақ парламентінің Төменгі шатырындағы барлық орындарды Нұр-Отан партиясы иеленді. Қырғызстанда ғана 16 жыл бойы демократиялық негіздер бар ел деп есептеліп келген еді. Елде 1990-шы және 2003-ші жылдары болған референдумдар барлық билікті президент қолына шоғырландырған болатын. Енді міне қырғыз парламентіне жаңа партияның көп мүшесі енбекші.

Қырғыз оппозициясы болатын бұл мүмкіндіктен хабардар. Сондықтан кейбір топтар жаңа Ақ жол елдік партиясымен тай-таласқа түсу үшін ең ерте дегенде желтоқсанда болуы мүмкін парламенттік сайлау алдында күш біріктірмекші.

Ал кейбір партиялар болса, сайлау науқанын өз позициясын нытауға жасалған мүмкіндік деп қабылдауда. Мысалы Социал демократиялық партияның атқарушы хатшысы Еділ Байсаловтың «Азаттық» радиосына айтуынша, бұл партия да сайлауға жеке түспекші. Бұрынғы үкімет басшысы Феликс Куловтың Ар-намыс партиясы ешқандай саяси партиялармен бірікпестен өз тұғырларын жеке нығайтуға күш салуда. Олар өз қатарына мүшелікке жаңа адамдарды шақыруда.
XS
SM
MD
LG