Accessibility links

Ирақ күрдттері Анкарамен тікелей келіссөздер өткізілуін қалайды


Түркия парламенті заңнан тыс саналатын Күрдтердің еңбек партиясы көтерілісшілерінің қимылдарын басу үшін түрік әскерлеріне операциялар бастау хұқын беретін заңды қабылдағаннан кейін Ирақ күрдтерінің аймақтық үкіметі Анкараны тікелей келіссөздерге шақырып отыр. Күрд аймақтық үкіметі әскери басқыншылық бүкіл Ираққа, Түркияға және жалпы Таяу шығысқа зардабын тигізеді деп атап көрсетті. 1984 жылдан бері Күрд еңбек партиясы Түркияның оңтүстік шығысында күрд автономиясын құру үшін күрес жүргізіп келеді.
XS
SM
MD
LG