Accessibility links

Владимир Путин телеарналар мен радиостанциялар арқылы Ресей азаматтарының сұрақтарына жауап берді


Ресей президенті елдің эономикасы, сондай-ақ төмендеп бара жатқан демографиялық ахуал және желтоқсан айында болатын парламент сайлауы, 2008 жылы наурыз айында өтетін президент сайлауларынан кейінгі өзінің саяси болашағы туралы сауалдарың барлығына да жауап беруге тырысты. Қорғаныс мәселелеріне байланысты Ресей өзінің әскери күштерін нығайтып, ядролық қорын жаңартатын болады, деп атап көрсетті президент. Ал Иранға қатысты В.Путин былай деді:

- Халықаралық қауымдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Ресей Иранның ядролық мәселесіне қатысты даудың бейбіт жолмен шешіліп, бүкіл әлем халқы мен Иран еліне де жақсы болуы үшін атсалысуда.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG