Accessibility links

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхутто бүгін еліне қайтып оралды


Сегіз жылдан астам уақыт сырт жерде қуғында болған Беназир Бхуттоны қарсы алуға Карачиде 200 мыңнан астам адам жиналды. Бұрынғы үкіметбасы алда болатын парламент сайлауы науқанына қатысып, Пәкістанның саяси өміріне белсене араласпақшы. Ол демократияны дамытуға күш жұмсап, діни экстремизмге қарсы күреспекші. Бхутто еліне қайтып оралмастан бір айдай уақыт бұрын президент Первез Мүшаррафпен билік бөлісу тұрғысында келіссөздер өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG