Accessibility links

Экс-премьер министрі Беназир Бхуттоның елге оралуы Пәкістанға не беруі мүмкін?


Бүгін Пәкістанның оңтүстігіндегі портты қаласы Карачиде жүз мыңдаған адам сегіз жылдай елден жырақта жүріп оралған бұрынғы премьер министрлері Беназир Бхуттоны қарсы алды. Президент әрі армия басшысы Первез Мушаррафпен жасалған құпия келісімнен кейін, Бхуттоның еліне оралуына жол ашылып отыр. Оның елге қайтуы Пәкістанға не беруі мүмкін?

Карачиде осыған дейін екі мезгіл үкімет басшысы болған Бхуттоны күтіп алуға сәрсенбі күні жиылған жұрт, “премьер министр Бхутто” деп айқайлап, ұрандап тұрды. Бейсенбі күні Бхуттоны қарсы алу үшін көшеге шыққандардың саны шамамен 250 мыңдай болған.

Екі мәрте премьер министр болған Беназир Бхуттоның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты көшелерде қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Хабарларға қарағанда, әл Қаиданың өлтіреміз деген қаупі мен президент Первез Мушаррафтың елге қайтуды кейінірекке қалдыр дегенін тыңдамай келген Бхутто ұшақтан түскенде көңілі босап көзіне жас алған.

Сәрсенбі күні Дубайда тоқтаған Бхутто баспасөз мәслихатын өткізгенде, өзінің елге оралуы демократиялық күштер үшін жемісті болады деген. Ол өзінің 1996 жылы премьер министрліктен қуылған кезде басталған қайғылы істі жабуға көмектеседі деген:

“11 жылдан кейін менің елге оралуым Пәкістан халқы үшін диктаторлықтан демократияға, қанаушылықтан өкілеттікке, қақтығыстан бейбітшілікке қарай бұрылып қадам басу екенін білдіреді”.

Бхуттоның елге қайтуы Пәкістандағы тұрақсыз аймақ Ауғаныстанмен шекарадағы әл Қаида мен Талибан жасақтарының тамырын жоюға күш салуы мүмкін деген болжамдар айтылған. Бхуттоның либералды Пәкістан халқы партиясы діни экстремизмге қарсы болып, орталық үкіметке қауіп төндірген исламшыл күштерге қарсы болып келген.

Лондонда қуғында болған Беназир Бхутто ханым шілде айында бірнеше адамның өліміне әкелген Исламабадтағы қызыл мешітті басып алғандарға қарсы жасалған даулы операцияға қолдау танытқан. Әл-Қаида жетекшісі Осама бин Ладен Пәкістанның Ауғаныстанмен шекаралас тайпалық аймақта тығылып жүр деп айтылады. Бұл туралы Бхутто жақында, егер өзі қаңтар айындағы ұлттық сайлауларда билікке келген болса, Құрама Штаттарға бин Ладенді ұстауға жол ашатынын ниетін білдірген. Сәрсенбі күні Дубайда Бхутто Пәкістандағы етек алып бара жатқан экстремизммен күресетінін қайталады.

Пәкістанның батысындағы тайпалық аймақтағы қақтығыстардан соңғы кезде жүздеген содыр, бірқатар бейбіт тұрғындар мен әскерлер қаза болды. Көрші Ауғаныстанның ресмилері шекарадағы қақтығыстардың қаупі өздерінің жас үкіметтерін тұрақсыздандыруға бағытталып отыр деген.

Пәкістандық автор, аймақтық сарапшы Захид Хуссайн Азат Ауғаныстан радиосына берген сұхбатында, Бхуттоның еліне оралуы мен оның Мушаррафпен одақтастығы президентті қолдау негізінде кеңейе береді деген. Сарапшы Хуссайн сонымен қатар, ол Пәкістандағы исламшыл күштердің өсе түскен қаупін жою тұрғысындағы Мушаррафтың әскери күшіне қолдау сияқты болады.

Хусайнның сөзіне қарағанда, Бхуттоның бұған араласуы толық аймаққа өз септігін тигізуі мүмкін:

“Біраздан бері оның нақты мәселелердегі, соның ішінде Ауғаныстан мен Үндістанға қатысты ұстанымы өте ашық. Бхутто Үндістанмен қарым-қатынастарды реттегісі келеді және Үндістанмен ол бейбітшілік процесін қолдайды әрі Ауған үкіметімен ынтымақтастық құрғысы келеді. Сондықтан, басынан бастап бұл Бхуттоның оралуы осы аймаққа оң нәтижесін беретін болады”.

Хуссайнның пайымдауынша, саяси мәселелердегі кейбір бастамалар көбіне әскери келісімге байланысты болады. Оның айтуынша:

“Армия артқы жақта қала алмайды. Бірақ ол тым жоғары деңгейлі орында да болмайды. Ол қазіргі азаматтық президент Мушарраф сияқты қалатын болады. Парламент күшейе түседі және премьер-министрдің билігі бұрынғыдан да өседі”.

Мұндай саяси келісімдердің тағдыры екі жағдайда шешіледі.
XS
SM
MD
LG