Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш қазанның 17-сі күні баспасөз мәслихатын өткізіп, сыртқы саясатындағы мәселелерге тоқталды. Онда Түркия және Қытай арасындағы кикілжіңдер мен Ресейдің Иран уран байытып жатыр дегеніне дәлел аз деп отырғанына байланысты жағдайлар көтерілді.

Джордж Буш өзінің Түркияның Күрд көтерілісшілеріне қарсы операция жүргізу үшін Ираққа кіру жоспарына қарсы екенін айтты.

“Біз мұны Түркияға ашық айтып отырмыз, біз Ираққа әскерін жөнелту олардың мүддесіндегі мәселе деп ойламаймыз. Негізінде, олардың Ирақта әскері бұрыннан бар және олар онда біразға орныққан. Біз ол жерге көбірек жасақ жіберу олардың мүддесі деп ойламаймыз”.

Түркия Күрд Жұмысшылар Партиясының көтерілісшілері Түркияның ішінде көтеріліп, сосын көрші Ирақтың солтүстігіндегі Күрдтер аймағынан қауіпсіз баспана алуға қашып шыққанына наразы болып келеді. Буш болса өзінің сыртқы саясат бойынша басшысы мен Ирақтағы әскери ресмилерін бұл мәселені талқылауға шақырды, және Ирақтың вице президенттерінің бірі Тариқ әл Хашими Стамбулға барып, Түрік басшыларын әскери операциямен Ираққа кірмеуге көндіруге тырысып жатқанына тоқталды.

Түркия АҚШ-тың Өкілдер палатасындағы сыртқы істер жөніндегі комитеттің өткен аптада бірінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Осман империясы кезінде 1,5 млн армянның қырылғанын геноцид деп жариялау жөніндегі қарарын мақұлдаған соң, түрік жасағының Ираққа кіру жоспарына қатысты Уашингтонның қарсылығына дес бермей келеді.

Бұл қарарға бір айдың ішінде Өкілдер палатасында дауыс берілуі керек, бірақ Буш заң шығарушыларды сақтық танытуға үндеп отыр.

“Бір мәселе Конгресс Осман империясы кезіндегі тарихи құжаттарды сараптамауы керек. 1915 жылдың басындағы армяндарды жаппай өлтіруге қатысты қарар кері салдарын беруі мүмкін. Республикандықтар мен Демократтар екеуі де оның ішінде әрбір бұрынғы мемлекеттік хатшы бұл қарарға қарсылықтарын білдірді. Конгресстің мұсылман еліндегі әсіресе, күнделікті біздің әскерімізге үлкен қолдау танытып отырған демократиялық одақтасын өзіне қарсы қойғаннан басқада маңызды жұмыстары бар”, - деп айтқан АҚШ президенті.

Ал, Құрама Штаттардың Қытаймен бұрыннан келе жатқан қарым-қатынасына Буш алаңдаушылық танытпаған сияқты. Кеше президент Буш Тибеттің қуғында жүрген рухани жетекшісі Далай Ламамен жеке кездесті. Сосын Далай Лама АҚШ Конгресінде болып, оған Конгрестің “Алтын медальі” берілген.

Тибеттіктер Будда жетекшісін өздерінің құдайындай көреді. Қытай болса, оны саяси сарыны бар тибет сепаратисі деп таниды. Өз кезегінде Буш өзінің Далай Ламаны құрметтейтінін және егер Қытай жетекшілері де онымен сөйлесуге уақыт тапса, олар да оны құрмет тұтады деп санайтынын айтты.

Қытай болса АҚШ-тың Далай Ламаны қабылдағанына қатысты өз жауабын беріп те үлгерді. Дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Қытай қазанның 17-дегі Берлиндегі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты маңызды кездесуге бармайтынын айтқан.

Мұнда Иран тақырыбы да көтерілді. Техран Каспий саммитіне төрағалық етіп, оған өткен аптада Иранның ядролық қару жасап жатқанына дәлел жоқ деп мәлімдеген Ресей президенті Владимир Путин де келіп қатысқан.

Журналистер Джордж Буштан Құрама Штаттар, Британия, Германия және Францияның Иран ядролық қару жасап жатыр деген алаңдаушылық танытып жатқанда, Ресей басшысының бұл мәлімдемесіне қатысты не айтасыз дегеніне.

“Мен президент Путиннің Иран президентімен кездесуінен алған мәліметтерін алуды күтудемін. Менің білгім келген мәселе, президент Путин мендегідей алаңдаушылығын жасыруды жалғастырып келе ме, жоқ па? Мен жалғастырып келеді деп айтамын. Өйткені, біз Австралияда болғанда, ол маған нақтылап, Иранның ядролық қару жасау қабілетінің болуы әлемнің мүддесіндегі мәселе емес екенін айтқан”.

Сонымен қатар, тіпті Ресей президенті АҚШ-тың сыртқы саясатын ашық сынап жүрсе де Буш өзінің Путинмен келісімдерін қорғап сөйледі.
XS
SM
MD
LG