Accessibility links

Ирақ күрдтері Түркия парламентінің шешіміне наразылық танытты


Ирақтың солтүстігіндегі мыңдаған күрд азаматтары Түркия парламентінің шешіміне байланысты наразылық танытты. Сәрсенбі күні Түркия парламенті Ирақпен арадағы шекарада әскери шара жүргізу жөніндегі үкіметтің өтінішін мақұлдаған болатын. Оған сәйкес, үкімет күштеріне Ирақтың солтүстігіндегі Күрдістан Жұмысшылары партиясының соғысушыларына қарсы операция жүгізуіне құқық беріліп отыр. Бірақ Түркия премьер-министрінің айтуынша, парламенттің бұл мәселені мақұлдауы Түркия Ираққа дереу шабуыл жасайды дегенді білдірмейді. АҚШ пен Ирақ ресмилері Түркияны Ирақтың солтүстігінде әскери операция жүргізбеуге шақырды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG