Accessibility links

Пәкістанға оралған Бхуттоның көлігі жанында болған жарылыстарда 120-дан астам адам қаза тапты


Пәкістанның Карачи қаласында бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоның көлігі жанында бірнеше жарылыс болды. Соның салдарынан 120-дан аса адам қаза тапты. Ал Бхутто ол шабуылдан аман қалды деп хабарланып отыр. Ресмилердің айтуынша, Карачидегі екі жарылыстан шамамен 200 адам жарақат алған. Сегіз жылдан астам уақыт сырт жерде қуғында болған Бхутто ханым кеше еліне оралған болатын.
XS
SM
MD
LG