Accessibility links

Ақтаудағы теңіз портында күн батареясын шығаратын зауыт салынады


АҚТАУ: Үстіміздегі жылдың 4-інші тоқсанында Ақтаудағы “Ақтаудың теңіз порты” арнайы экономикалық аймағының” аумағында күн батареясын шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Ол туралы арнайы экономикалық аймақтың директоры Зейнолла Қазиев хабарлады. Бұл жобаның мақсаты – алыс ауыл-аймақтарды электр қуатының балама көзімен қамтамасыз ету. Жобаны Германияның “Silicon Technology” компаниясы жүзеге асырып, инвесторлар оған 105 млн. еуро жұмсауды жоспарлап отыр. Зауыт 2009-ыншы жылдың ІІІ-інші тоқсанында іске қосылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG