Accessibility links

Экс-премьер Б.Бхутто Пәкістанда “демократия құрбандыққа шалынды” деп мәлімдеді


КАРАЧИ: Пәкістанның экс-премьер-министрі Б.Бхутто 8 жылдық қуғыннан еліне оралған бейсенбі күні өзіне қарсы жасалған қастандыққа наразылық білдіреді. Беназир ханым өзінің қарсыластарын “демократияны құрбандыққа шалды” деп айыптады. Экс-премьер шабуыл болған кезде көшеде электр жарығының болмағанын айтып, ресми биліктен бұл қастандықты дереу тергеуді талап етті. Бхутто бастаған партияның мүшесі – Фаузия деген әйел: “Жарылыс болған кезде, мен автобустың үстінде болдым... Кейін мен автобустың жанында бомба жарылғанын көрдім. Екінші жарылыс болған соң біз мұның кездейсоқ емес екенін түсіндік”, -деп мәлімдеді. Өзі аман қалған Беназир ханым 130-дан астам халық қырылған бұл қастандық үшін Пәкістанның марқұм болған бұрынғы әскери диктаторы, генерал Зия уль Хақтың үзеңгілестерін айыптады.
XS
SM
MD
LG