Accessibility links

Қазақстанның коммерциялық банктері әлеуметтік саланың бюджеті есебінен $4 млрд. көмек алады


АСТАНА: Бүгін Қазақстан Парламентінің Сенаты 2007-нші жылдың бюджетіне “Өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы” заң жобасын, яғни президент Н.Назарбаевтың нұсқауы бойынша, коммерциялық банктерді қолдауға 4 млрд. доллар бөлу қарастырылған жобаны мақұлдады. Жобада бюджеттің түсім бөлігі 175 млрд.-қа ұлғайтылып, шамамен 2.27 трлн. теңгені, бюджеттің шығысы – 2.5 трлн. теңгені құрады, ал бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнім көлемінің 1.7 пайызын құрады. Жобаны президент қол қойып бекітуге тиіс. Алайда, оның есесіне 2008-інші жылға жоспарланған мектептер мен ауруханалар салынбайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG