Accessibility links

Вашингтонда "Үлкен сегіздік" тобының қаржы саммиті жиналды


Жеті ықпалды индустриялық мемлекеттің ресми өкілдері әлем экономикасының даму қарқыны мықты деді, бірақ қаржы базарында жақында болған дағдарыс, мұнай бағасының өсуі, Америка Құрама Штаттарындағы тұрғын үй базарының дағдарысы ғаламдық экономиканың өсуіне кедергі жасауы мүмкін деді. "Үлкен сегіздік" тобының ресми өкілдері Қытай үкіметіне қайырылып, қытай ақшасы юаньді еркін айналымға тезірек шығаруға шақырды. Америка доллары еуроға шаққанда осы аптада тағы құлай түсті, мұнайдың бір баррелі 90 долларға жақындап қалды.
XS
SM
MD
LG