Accessibility links

Михаил Горбачев "Социал-демократтар одағы" деген жаңа ұйым құрды


Совет Одағының бұрынғы президенті Михаил Горбачев демократиялық құндылықтарды қорғау мақсатында жаңа ұйым құрды. Ұйым құрылтайы бүгін Мәскеуде өтті. Ұйым "Социал-демократтар одағы" деп аталады. Бұл саяси партия емес, қозғалыс, сондықтан ұйым желтоқсан айында парламент сайлауына қатыспайды. Михаил Горбачев ұйым мақсаты Ресейде белең алған жат тенденцияларға қарсы күресу, оның ішінде коррупцияға қарсы күресу, бейүкіметтік ұйымдарды қорғау, елде нақты саяси диалогты ынталандыру деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG