Accessibility links

Иран қолбасшысы кез-келген шабуылға тойтарыс бере аламыз деді


Иран Революциялық гвардиясының қолбасшысы, генерал Махмұд Чахарбағи елімізге қандай шабуыл жасалса да алғашқы бір минуттың ішінде жау тарабының базаларына 11 мың зымыран ата аламыз деп мәлімдеді. Қолбасшының сөзі Иран мемлекеттік баспасөзінде дәйектеліп отыр. Иран қолбасшысы жау тарабының базалары қазірдің өзінде анықталды, кез-келген шабуылға тойтарыс бере аламыз деді. Алайда ол қандай нысаналарды айтып отырғанын білдірген жоқ, не болмаса жау тарабы деп кімді айтып отырғанын да көрсеткен жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG