Accessibility links

Күрд сепаратистерінің партизандары бүгін Түркия әскерін шабуылдап, тоғыз сарбазды өлтірді


Оқиға Ирақ пен Иран шекарасының маңында Юксекова елді мекенінің маңында болды. Түркия президенті Абдұлла Гүл шара қолдану мәселесін бүгін ел үкіметі және әскер қолбасшыларымен талқылайды деп жарияланды. Осыдан төрт күн бұрын ақ Түркия парламенті ел әскеріне Ирақ солтүстігінде қимыл жасауға рұқсат етті. Түркия әскері Ирақ солтүстігінде қоныстанған күрд партизандарының базаларын жоймақ. Америка Құрама Штаттары мен Ирақ Түркияның бір жақты қимылдары Ирақ солтүстігінде тұрақтылық бұзуы мүмкін деп алаңдайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG