Accessibility links

Еуропалық Кеңес Лукашенконы еврейлерге қарсы айтқандары үшін сынады


Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы Белорус президенті Александр Лукашенконы осыған дейін өз еліндегі еврейлер қаласын “шошқа қора” деп айтқанын сынға алды. Қазанның 12-де Лукашенко Бабруйскідегі қала өте лас дей келе, “сіздер еврейлер өздері тұратын жерді қалай ұстайтынын білесіздер ғой, Израйлге қараңыздар” деген. Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблясының президенті Рен ван дер Линдер Лукашенконың бұл еврейлерге қарсы айтқан сөздері “миға қонымсыз” дей келе, ол еврейлерден кешірім сұрауы керек деді. Израйл де Лукашенконың айтқандарын айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG