Accessibility links

Бүгін Иранның ядролық мәселесі бойынша жаңа мәмілегері Еуроодақтың сыртқы саясат басшысымен кездеседі


Иранның ядролық мәселесі бойынша жаңа мәмілегері бүгін Римде Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавиер Соланамен кездеседі. Иран президенті Махмұд Ахмадинежадтың жақын одақтасы Саид Жалили сенбі күні қызметінен бас тартқан Әли Ларижанидің орнына тағайындалды. Алайда бүгін Хавиер Соланамен екеуі де кездеседі. Талдаушылар Жалилидің тағайындалуы Теһранның ядролық бағдарламасына орай ұстанымын күшейткені туралы белгі болса керек дейді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді, бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып, ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатты көздейді дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG