Accessibility links

Қырғыз соты бұрынғы екі шенеунікті Ақсыдағы атысқа байланысты айыпты деп тапты


Қырғызстандағы сот осыдан бес жыл бұрын наразылық танытушылардың өлтірілуіне бұрынғы екі шенеуніктің қатысы бар деп тапты. Жалалабад аймағындағы бұрынғы прокурор Зоотбек Құдайбергенов пен полицияның бұрынғы басшысы Кубанышбек Тоқобаев 5 жылға түрмеге жабылды. Ал үшінші айыпталушы Ішкі істер министрлігінің бұрынғы бірінші орынбасары Садырбек Дубанаев ақталып шықты. 2002-ші жылдың наурыз айында Ақсы ауданында полиция наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан болатын, оның салдарынан 6 адам қаза тапқан еді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG