Accessibility links

НАТО қорғаныс министрлері екі күндік кездесуін бастады


Бүгін НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Голландияның Нурдвик қаласында екі күндік кездесуін бастады. Онда күн тәртібінде – Ауғаныстандағы әскер санын көбейту мен Ресеймен байланыстары сондай-ақ, Косово мәселесі тұр. Осы аптаның басында АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс Құрама Штаттар Ауғаныстандағы НАТО күштерінің қолдау деңгейіне көңілі толмай отыр деген. Және Гейтс НАТО-ны Косовоның келешегі туралы келіссөздер аяқталған соң да мұндағы жасақтарын қалдыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG