Accessibility links

Түркия жетекшілері Күрд көтерілісшілеріне қарсы соққы беру мүмкіндігін талқылады


Бүгін Түркия жетекшілері Ирақтың солтүстігінде орналасқан Күрд көтерілісшілеріне қарсы әскери операция Жүргізу мүмкіндігін талқылады. Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің бұл отырысы жақында Түркияның соғыс ұшақтары мен жасақтары Ирақтың ішіндегі Күрд көтерілісшілерін нысанаға алып отырған тұста болып отыр. Түркияның вице премьері Жемил Чичек жергілікті ақпарат өкілдеріне айтқанында, бұл операциялар Күрд көтерілісшілерінің 12 түрік әскерін өлтірген жексенбі күнгі шабуылына жауап беру болады деген.
XS
SM
MD
LG