Accessibility links

НАТО бас хатшысы Ресейді қару-жарақты бақылау келісімінен шықпауға шақырды


Егер Ресей негізгі қару-жарақты бақылау келісімінен шықса, НАТО одағы қатты өкінеді. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Яаап Де Хооп Схеффер Голландиядағы НАТО-Ресей кеңесі кездесуінен кейін мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуропадағы кәдімгі күштер келісімінің жаңартылған нұсқасына байланысты Ресейдің алаңдап жатқанын НАТО мүшелері біршама түсінеді. 1999 жылы толықтырылған келісімге сәйкес, бұл құрылықта әскери базалардың орналастырылуына шек қойылған. Ресей президенті Владимир Путин сәуір айында ол келісімді уақытша тоқтату жөніндегі қаулыға қол қойған болатын.
XS
SM
MD
LG