Accessibility links

Түркия күрд көтерілісшілерінен төнген қауіпті жою үшін қажет болған барлық әрекеттерді жасайтын болады


Түркия Ирақтың солтүстігінде орналасқан күрд көтерілісшілерінен төнген қауіпті жою мақсатында қажет болған барлық әрекеттерді жасайтын болады. Бұл туралы Түркия президенті Абдулла Гул мәлімдеді. Түркия Ирақтың аймақтық тұтастығын құрметтейді бірақ ресми Анкараның шыдамы таусылып жатыр, ол лаңкестердің Ирақ жерін пайдалануына байланысты сабыр ете алмайды, деді Абдулла Гул. Түркияның күрд көтерілісшілеріне қарсы әрекетін талқылау үшін бүгін Анкараға жоғары дәрежелі Ирақ делегациясы келеді деп күтілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG