Accessibility links

АҚШ Иранмен соғысқа дайындалып жатқанын жоққа шығарды


АҚШ-тағы Ақ Үй Иранмен соғысқа дайындалып жатқанын жоққа шығарып, бұл мәселеде дипломатиялық жолды ұстанатынын мәлімдеді. Баспасөз-хатшысы Тони Фрэттоның айтуынша, Буш әкімшілігі Иранға қарсы күш қолдануды жоққа шығармайды бірақ соғыстан аулақ болуға үміт білдіреді. АҚШ осы аптада Иранға қысымын күшейтіп, Иранның Революциялық күзетшілері мен бірқатар Ирандық банктерге қарсы жаңа біржақты санкциялар енгізген болатын. Бұл шаралар ядролық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы терроризмді қолдағаны үшін Иранды жазалау мақсатында жасалып отыр, дейді АҚШ ресмилері.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG