Accessibility links

АҚШ қалаларында Ирақ соғысына қарсы наразылық шаралары болып өтті


Шеруге қатысқан мыңдаған адам Конгрестен соғысты қаржыландыруын тоқтатуды талап етті. Наразалық шаралары сенбі күні Сан-Франциско, Лос-Анджелес, Чикаго, Нью-Орлеан, Нью-Йорк және Бостон қалаларында ұйымдастырылды. Шерушілер, сондай-ақ, президент Джордж Бушты АҚШ әскерилерін елге қайтаруға шақырды. Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Нью-Йорк штатындағы бейбіт шара жүргізу мәселесі бойынша басшысы Черил Уэртц былай деп мәлімдеді:

“Бұл АҚШ әскерилері тарапынан жасалып отырған заңсыз басып алу деп есептеледі. Біз оны тоқтатуымыз керек. Шелектеп құйып жауған жаңбырға қарамастан, адамдар президент пен Конгреске мықты үндеу жасауға келіп отыр. Біз АҚШ күштерінің Ирақтан шығарылуын талап етеміз”.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG