Accessibility links

Ресейде 48 адамның өліміне айыпты деп танылған адам өмірбақилық түрмеге кесілуі мүмкін


МӘСКЕУ: Бүгін Ресейде талай адамның өмірін қиған Александр Пичушкин деген кісі өлтірушіге сот өкімі шығарылады. Мәскеу соты оны 48 адамның өліміне айыпты деп таныды, бірақ А.Пичушкиннің өзі 60-тан астам кісіні өлтіргенін мәлімдеді. Әмбебап дүкенінде қара жұмысшы болып істеген А.Пичушкин өз құрбандарының не өлуге тиіс екенін, не өмір сүруі керектігін өзі шешіп, өзін Құдайдай сезінгенін айтады. Прокуратура оны өмірбақилық түрмеге кесуді талап етіп отыр. Ресейде өлім жазасына мораторий жарияланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG