Accessibility links

Кристина де Киршнер ханым – Аргентинаның ең бірінші әйел президенті болуы ықтимал


БУЭНОС-АЙРЕС: Аргентинада президент тағына алғаш рет әйел кісі отыратын тәрізді. Кеше болып өткен президент сайлауының бастапқы қорытындысына қарағанда, қазіргі президент Нестор Киршнердің жары - Кристина Фернандез де Киршнер (Cristina Fernandez de Kirchner) 42 пайыздай дауыспен алда келеді. Кристина ханым өзінің ең басты бақталасы әрі бұрынғы парламент депутаты Элиза Каррио (Elisa Carrio) деген тағы бір үміткер әйелден әлдеқайда басым дауыс жинаған сияқты. Солшыл-центристерден сайланған сенатор Кристина де Киршнер - өзін “жеңімпазбын” деп жариялап үлгерді.
XS
SM
MD
LG