Accessibility links

“Әл-Қаида” тобы – Ирақта өте қатерлі әрі қуатты жау болып қалды


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскерінің бас қолбасшысы, генерал Дэвид Петреус “Әл-Қаида” тобынан Бағдадтағы бірнеше бекініске төнген қатердің әлдеқайда әлсірегенін, бірақ “Әл-Қаида” тобының әлі де болса “өте қауіпті де қуатты жау болып қалғанын” мәлімдеді. Оның алдында кеше қарақшылар Бағдад қаласында өз автокөліктерімен Әд-Диала облысына қарай кейін қайтқан сүннит және шийт тайпаларының көсемдерін ұрлап алып кетті. Олар “Әл-Қаида” тобына қарсы күресу жөнінде Ирақ үкіметімен арадағы келіссөзден шыққан болатын. Көп кешікпей барлығының атып өлтірілген мәйіттері табылды.
XS
SM
MD
LG