Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскери қолбасшысы Бағдадтың кей аймақтарында “Әл-Қаидадан” төнген қауіп айтарлықтай әлсіреді дейді


Ирақтағы АҚШ әскерінің бас қолбасшысы, генерал Дэвид Петреустың мәлімдеуінше, Бағдадтың кей аймақтарында “Әл-Қаида” тобынан төнген қауіп-қатер айтарлықтай әлсіреген, бірақ бұл топ әлі де болса “аса қауіпті жау болып қала” береді. Ирақ үкіметі “Әл-Қаида” тобына қарсы күрес жөнінде келіссөз жүргізген соң жексенбі күні Бағдадта қарулы адамдар суннит және шиит тайпаларының шейхтерін ұрлап әкеткен болатын. Кейнірек олардың біреуінің мәйіті табылды.
XS
SM
MD
LG