Accessibility links

Ирақтың 18 облысының 8-і ұлттық үкіметтің жауапкершілігіне көшті


БААКУБА: Ирақтың Баакуба қаласынан бастары кесіп алынған кемінде 30 адамның мәйіттері табылды. Одан бірнеше сағат бұрын дәл осы қалада зор жарылыс болып, одан 30 полиция қызметкері мерт болды. Жанпидашыл-террорист полицияға жалдануға жиналған жұрттың қақ ортасында өзін-өзі жарып жіберді. Ал осы кезде Ирақтағы АҚШ әскері шийттер үшін ең қасиетті қаланың бірі болып табылатын Кербала қаласы мен облысының қауіпсіздігін қорғауды жергілікті биліктің жауапкершілігіне тапсырды. Осылайша АҚШ бастаған коалициялық күштер Ирақтағы 18 облыстың 8-ін жергілікті үкіметке жүктеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG