Accessibility links

“Оңтүстіктегі Клинтондары” – Киршнерлердің Аргентинадағы билігі жалғасатын болды


БУЭНОС-АЙРЕС: Аргентинаның президенті болып алғаш рет әйел сайланды. Жексенбі күнгі президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Нестор Киршнердің жары – Кристина Фернандес де Киршнер жеңіске жетті. Дауыстарды есептеу аяқталып қалды, ол 45 пайызға жуық дауыс алды. Оның басты бақталасы болған солшыл-центристік “Азаматтық коалицияның үміткері Элиса Каррио – шамамен 23 пайыз дауыс жинады. 54 жастағы Кристина де Киршнер – мамандығы бойынша заңгер, сенатор әрі ұзақ уақыт президент ерінің ең басты кеңесшісінің бірі болды. Аргентинада ерлі-зайыпты Киршнерлерді “оңтүстіктің Клитондары” деп атайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG