Accessibility links

Үндістанның коалициялық үкіметі солшыл күштердің қолдауынан айрылуы мүмкін


ДЕЛИ: Үнді премьер-министрі Манмохан Сингх Үндістанға ядролық материалдар мен технологиясын сату туралы АҚШ-пен арадағы келісімнің орындалуы тек кейінге ысырылатынын, бірақ күшін жоймайтынын мәлімдеді. Кеше Делиде өткізген баспасөз-маслихатында М.Сингх ол келісімнің орындалуы барысында кейбір кешігушіліктің болып жатқанын мойындады. Солшыл партиялар АҚШ-пен арадағы келісім іске асырылатын болса, Үндістанның Ұлттық конгресс партиясы бастаған коалициялық үкіметті қолдаудан айыратынын ескертіп, премьер-министрді қыспаққа алып отыр.
XS
SM
MD
LG