Accessibility links

Ирақта қазан айында қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің саны 36-ға жетті


БАҒДАД: Ирақта АҚШ-тың тағы 3 жауынгері қаза тапты. Кеше АҚШ әскерінің басшылығы хабарлағандай, әлгі жауынгерлер дүйсенбі күні Бағдад қаласының төңірегін тінтіп жүрген кезінде минаға жарылып қаза болды. Сөйтіп Ирақта осы айдың ішінде ғана көз жұмған АҚШ жауынгерлерінің саны 36-ға жетті. Жалпы алғанда бұл 2006-ыншы жылдан бері АҚШ әскерінің қатарындағы ең аз адам шығыны көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG