Accessibility links

Грузин президенті М.Саакашвили тағы да Кремльге айып таға сөйледі


ТБИЛИСИ: Грузин президенті Михаил Саакашвили ресейлік бітім күштерінің іс-әрекетін “грузин полициясына күш көрсету” деп бағалады. Грузияның Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде М.Саакашвили сейсенбі күні грузин-абхаз жанжалы аумағында болған оқиғаның бейнетаспаға түсірілгенін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Грузияның сыртқы істер министрлігі Мәскеуден бітімгершілік күштерінің қолбасшысы С.Чабанды кейін шақыртып алуын талап етті. Ал генерал С.Чабанның мәлімдеуінше, бітімгерлерге қару сілтеп, күзетуды доғаруын талап еткен грузин полицейлерінің өздері кінәлі. Бітім күштері 5 полицейді ұстап, кейін оларды грузин жағына тапсырды.
XS
SM
MD
LG