Accessibility links

Мьянмадағы әскери хунта армия қатарына 10 жастағы балаларды тартып отыр


НЬЮ-ЙОРК: Халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы Мьянма үкіметін әбден қалжыраған қарулы күштерінің қатарына 10 жастағы балаларды тартып жатыр деп айыптады. Аталған ұйым өзінің жаңа есебінде бұрынғы Бирманың қиын ахуалға топ болғаны соншалықты, әбден сиреген армияны толықтыру үшін балаларды да алып-сататын халге жеткенін атап көрсетеді. Есепте, сондай-ақ, армияда балаларды ұрып-соғып, тұтқын есебінде ұстайтыны айтылады. Мьянманың әскери хунтасы демократиялық күштердің бейбіт наразылығын аяусыз басып-жаншығаны үшін онсыз да өткір сынға душар болды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG