Accessibility links

Мадридтегі 4 поезды жаруға қатысы бар 28 адамның үстінен сот өкімі шығарылады


МАДРИД: 2004-інші жылы Мадрид поездарындағы жарылыстарға байланысты айып тағылған 28 азаматтың ісі бойынша бүгін сот өкімі шығарылуға тиіс. Қаланың сыртына қатынайтын 4 поезда болған жарылыстан 191 жолаушы мерт болып, 2 мыңдай адам жараланған болатын. Бұл “Әл-Қаида” ұйымының Еуропадағы ең ірі қастандығы болды. Күдіктілердің 8-іне “кісі өлтірді”, ал қалғандарына “террористік ұйымға мүше болды” деген жеңілдеу айыптар тағылып отыр. Бірақ олар айыптарын мойындамайды. Прокуратураның мәлімдеуінше, ұсталғандардың барлығы да “Әл-Қаида” тобының демеуімен Испанияға орныққан ислам экстремистері көрінеді. 28 адамның көпшілігі – мароккалықтар, 9-ы – испандар.
XS
SM
MD
LG