Accessibility links

Испания соты Мадрид поездарындағы жарылыстарға байланысты 21 адамды айыпты деп тапты


Испания соты 2004-інші жылы Мадрид поездарындағы жарылыстарға байланысты айып тағылған 28 азаматтың 21-ін айыпты деп тапты. Айыпталушылардың жетеуі ақталды. Ал үшеуіне Испания заңы бойынша ең ұзақ түрме жазасы берілді, яғни олар 40 жылға дейін түрмеге жабылды. Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы қаланың сыртына қатынайтын 4 поезда болған жарылыстан 191 жолаушы қаза тауып, 2 мыңдай адам жараланған болатын. Прокуратураның мәлімдеуінше, ұсталғандардың барлығы да “Әл-Қаида” тобының демеуімен Испанияға орныққан ислам экстремистері болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG