Accessibility links

Ауған, АҚШ және Канада күштері 250-ге жуық тәліпті қоршап тұр


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласының жанында Ауған, АҚШ және Канада күштері 250-ге жуық талибан соғысушысын қоршап алған. Ресмилердің айтуыша, Арғандаб ауданында 3 күн бойы жалғасқан шайқаста шамамен 50 тәліп өлтіріліп, үш полиция қызметкері мен бір ауған сарбазы құрбан болған. Күәгерлердің айтуынша, жүздеген ауыл тұрғыны бұл аймақтан қашып кетіп жатыр. Өткен аптада талибан соғысушылары Арғандабты өз бақылауына алған болатын.
XS
SM
MD
LG