Accessibility links

Палестинадағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға Еуроодақ көмектеседі


ТАЯУ ШЫҒЫС: Еуропа Одағының Таяу Шығыстағы бейбіт үдерісті қолдайтын жаңа жоспарын алған Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайэр кеше Израиль мен Палестина автономиясына келіп жетіп, өзінің тікелей басқаруымен әзірленген жоспарды Палестина үкіметінің төрағасы Салам Файадқа тапсырды. Оған сәйкес Еуроодақ Автономиядағы орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы университетке, сондай-ақ Палестинаның полициясы мен басқа да мемлекеттік құрылымдарын нығайтуға көмек береді. 2 күндік сапарының барысында Штайнмайэр Израиль премьерімен, Палестина төрағасымен және екі жақтың сыртқы істер министрлерімен кездеседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG