Accessibility links

Әзірбайжанда “мелекеттік төңкеріске әзірленді” деп айыпталған 18 шенеунек сотталды


БАКУ: Кеше Әзірбайжандағы ауыр қылмыстарды қарайтын сот алқасы бұрынғы экономикалық даму министрі Фархад Әлиев пен тағы 18 мемлекеттік қызметкердің ісі бойынша өкім шығарды. Ф.Әлиев “мемлекет қаржысын жымқырды”, “пара алды”, “қызмет бабын асыра пайдаланды” деген айыптар бойынша 10 жылға, ал оның бауыры әрі жеке-меншікті “АзПетрол” компаниясының бұрынғы иесі – Рафик Әлиев – 9 жылға, тағы 3 кісі түрлі мерзімге кесілді. Фархад және Рафик Әлиевтер – “мемлекеттік төңкеріске әзірленді” деген айып бойынша 2005-інші жылдың қазан айында тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG