Accessibility links

Әзірбайжанда оппозициялық газеттің бас редакторы 2,5 және 8,5 жыл мерзімдерге екі рет сотталды


ВЕНА: Әлемнің 120-дан астам еліндегі баспасөз құралдарының өкілдерін біріктіретін Халықаралық Баспасөз Институты (IPI) Әзірбайжандағы ресми билікті өткір сынап келген 2 газеттің бас редакторы болған журналист Эйнулла Фатуллаевтың (Eynulla Fatullayev) екінші рет сотталуына наразылығын білдірді. Өткен сәуір айынан бері 2,5 жылдық жазасын түрмеде өтеп келген Э.Фатуллаев – “террорлық қауіп төндірді”, “ұлтаралық жанжал шығармақ болды” және “салық төлеуден жалтарды” деген айыптар бойынша 30-ыншы қазан күні тағы 8,5 жылдық мерзімге түрмеге кесілді. Халықаралық Баспасөз Институтының директоры Йохан Фритц (Johann P. Fritz) оның үстінен шығарылған қосымша өкімді “Әзірбайжандағы сөз бостандығының тарыла түсуінің белгісі” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG