Accessibility links

Түркияның күрд сепаратистеріне соққы беруіне АҚШ пен Ирақ көмектеседі


ВАШИНГТОН-БАҒДАД: Америка Құрама Штаттары мен Ирақ Түркияның күрд сепаратистеріне қарсы күресіне кең көмек көрсетуге уәде берді. Пентагон өкілінің хабарлауынша, АҚШ Түркияны Ирақтың солтүстігімен шекаралас аймағындағы күрд бүлікшілерінің негізгі базалары туралы барлау мәліметтерімен қамтамасыз етіп жатыр. Ирақтың тегі күрд сыртқы істер министрі Хошья Зебари елдің солтүстік шекарасындағы бақылау-күзет бекеттерінде күрд сепаратистеріне арналған жанар май, азық-түлік және т.б. жүк тиілген көліктерді өткізбеуге уәде берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG