Accessibility links

Ресей ЕҚЫҰ-ның бақылаушылар миссиясына күрт шектеу қойды


МӘСКЕУ: Кремль шет елдерден Ресейдегі парламент сайлауының барысына араласпауды өтінді. Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдегендей, “ешқандай мемлекет сайлаудың барысына сырттан ықпал етуге тырыспауға тиіс”. Д.Песковтың алдында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі хабарлағандай, Ресейдің Орталық сайлау комиссиясынан Еуропалық ұйым миссиясына қойылатын барлық шектеу көрсетілген теңдессіз шақыру келіп түсті. Яғни, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары 70-тен аспауға тиіс және ол миссияның мерзімі қысқа болуы керек. Ресейдің бақылаушылар миссиясына күрт шектеу қоюына ресми Вашингтон өкініш білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG